Коронавирус және пневмониядан 11 адам қайтыс болды

05.09.2020 22:04

Стационарларда 2 839 науқас жатыр

zakon.kz

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында 29 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 839 науқас жатыр. 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Толық көрсету