Теңіз кенішінде тағы 66 адам коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазір 267 адам үй жағдайында емделуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 66 жұмысшы коронавирус жұқтырды, емделушілер 669-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 81 адам коронавирус жұқтырған. Ал 29 науқас емделіп шыққан. 

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 8 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 66 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 адамнан Сovid-19 анықталды. Науқастардың 11-інде коронавирустың симптомды түрі бар», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Қазір 267 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 103, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 40, Теңіз кенішінде стационарда 669 адам ем қабылдап жатыр. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдыққан еді.

Новости партнеров