|
03.01.2021 | 16:02
13327

Алматыдағы кітапханалар жұмыстың жаңа форматына көшіп жатыр

Кітапханаларды модернизациялаудың басты міндеті - қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру

Алматыдағы кітапханалар жұмыстың жаңа форматына көшіп жатыр Пресс-служба акимата Алматы

Мегаполистің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің объектілерін модернизациялау Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес іске асуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кітапханаларды модернизациялаудың басты міндеті - қызметтердің сапалы жаңа жүйесін құру, кітапханаларды білім алу, коммуникация және бос уақытты өткізу үшін көпфункционалды орталықтарға айналдыру.

Қалалықтардың оқуға, азаматтық, шығармашылық, зияткерлік әлеуетін ашуға қызығушылығын арттыру үшін қаланың әр аудандарында орналасқан 25 кітапханалардың филиалдары модернизациялануда. Солардың бірі - Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, мұнда күн сайын 500-ден 1,5 мыңға дейін оқырмандар келетін заманауи оқу орталығы құрылды.

2019 жылы №№ 15, 20, 24, 32, 33 филиал кітапханалары қайта жасалды, 2020 жылы тағы 10, №№ 1, 4, 6, 26, 29, 30 кітапханалар жаңартылды, Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана, Крылов атындағы Қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан жазушыларының кітапханалары.

Кітапханалардың заманауи дизайны уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік береді, бұл шығармашылық оқырмандар қауымдастығының кездесулерін, шеберлік сыныптарын және қызықты адамдармен кездесулерін үшін ыңғайлы алаң.

Кітап қоры Интернетте жалпыға қол жетімді, жайлы бөлмелер жабдықталған, пайдалы ақпаратты жылдам табуға көмектесетін заманауи технологиялар қолданылады.  Балалар мен жас оқырмандар үшін ойындарға, демалуға және кітап оқуға қолайлы жағдайлар жасалған.

Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар алматылықтар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орынға айналады. Сонымен қатар, жаңа кітапханалар әртүрлі санаттағы оқырмандар үшін еркін үйірмелер жұмысын ұйымдастыруда.

2020 жылдың желтоқсанында «ALATAU CREATIV HAB» жаңа шығармашылық орталығы ашылды. Мұнда тұрғындарға жаңа кітапхананың жұмысы ұсынылады, балаларға арналған білім беру іс-шаралары, презентациялар, тренингтер және 20 тегін үйірмелердің жұмыстары ұйымдастырылған.

2021 жылы кітапхана жүйесін модернизациялау қалған үш кітапхана филиалдарында жүзеге асады, олар: №39 балалар филиалы (Достық даңғылы, 111/4), №14 бұқаралық кітапхана филиалы (Римский-Корсакова көшесі, 3) және Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир