Дәрігер "омикронның" ең жиі кездесетін екі симптомын атады
ашық дереккөз
Терапевт ауру белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертіп, организмге "өз-өзіне келуге" уақыт беру қажет екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Омикрон" штамын жұқтырған адамның жиі басы ауырып, әлсіздік сезінеді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Марина Астафьева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
"Кез келген вирус клеткаға түскеннен кейін ағзаны улай бастайды. Біз бірден әлсіздік, шаршаңқылық, буын ауруы мен бас ауруын байқаймыз. Денеміздің кез келген мүшесі ауыруы мүмкін", – деп түсіндірді ол "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында.
Дәрігер сырқаттану белгілері сауыққаннан кейін де сақталуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан организмге "өз-өзіне келуге" уақыт беру қажет.
Бұған дейін Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко "омикронды" тест тапсырмай-ақ бірнеше белгі бойынша анықтауға болатынын айтқан еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35