Қытайдың Хубэй провинциясынан келген 80 жастағы ер адам коронавирустың құрбаны болды
Коронавирус жұқтырған қытайлық турист Францияда көз жұмды. Бұл Азиядан тыс жердегі жаңа коронавирустан қайтыс болған алғашқы адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС News-қа сілтеме жасап.
Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузиннің сөзіне қарағанда, Қытайдың Хубэй провинциясынан келген 80 жастағы әйел коронавирустың құрбаны болған.