Коронавирус: Әлемдегі ахуалға шолу

22.10.2020 22:11

АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде 41 миллион 100 мыңнан көп адам аты жаман аурумен ауыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Көңіл көншітпейтін статистика көшін АҚШ, Үндістан және Бразилия бастап тұр. Одан кейін көрші Ресей мен Испания. Бұл мемлекеттерде инфекция жұқтырушылар саны миллионнан асты. Өлім көрсеткіші бойынша да АҚШ, Бразилия және Үндістан алда тұр. Еуропа елдерінде індет қайта күшіне енген секілді.  Ирландия бірінші болып екінші рет ұлттық деңгейде логдаун жариялады. Бүгін аталған елде қатаң карантин режимі күшіне енді. Ол екі аптаға жалғасатын болады. 

Чехия да аурудың алдын алып, логдаунға көшті. Әуелде айтылған мемлекеттерде тек азық-түлік дүкені ғана жұмыс істейді. Қалада себепсіз жүруге тыйым салынған.