|
25.03.2020 | 17:11
9202

Алматының бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

Қалада СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны көбейіп келеді

Алматының бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Департамент басшысының айтуынша, 25 наурызда коронавирус анықталған екі адам карантинде болып, ешкіммен байланыс жасап үлгермепті.

«Соңғы тіркелген екі адам туралы айтатын болсам: біреуі бұрын ауырғандармен байланыста болған. Екіншісі, Цюрихтан ұшып келген. Алайда, ол сақтық шараларын қатаң сақтаныпты. Бірден таксимен жалға алынған пәтерге оқшауланды. Жақындары және туыстарымен көрісіп үлгермеген. Симптомдар пайда болған кезде жергілікті ауруханаға жүгінген. Тест оң нәтиже көрсетті», - дейді Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.  

Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматыдағы барлық 15 коронавирустық инфекция ошақтарында аурудың алдын алу шаралары күшейтілген. Медициналық қызметкерлер ошақ аумағында қалған адамдардың жағдайын жіті бақылауда.

«Ауру адаммен 2 метрден жақын тұрып, 15 минут сөйлескен жан вирусты жұқтыруы мүмкін. Сондықтан ошақтардағы тұрғындардың барлығы ауру деп санау – қате пікір. Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Ол азаматтар медицина мамандарының бақылауында болады», – деді Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Алматының бас санитары қала әкімдігі, медиктер мен санитарлық-эпидемиологиялық мамандар вирустың таралуына жол бермеу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын еске салды. Сонымен қатар, Алматыдағы блок-бекеттерінің жұмысы күшейту үшін Қазақстанның барлық өңірінен 82 санэпидемиолог-мамандар тартылған.

Өмір Әнуарбек, Дина Жанабекова, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир