Алматыда КВИ-ге қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізіп жатыр

29.12.2020 22:13

2 мың алматылықерікті вакцинация салдырады

kursiv.kz

Мегаполистің екі медициналық ұйымының базасында QazCovid-in инактивацияланған вакцинаны сынақтан өткізудің III фазасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

2 мың алматылықерікті вакцинация салдырады. Сынақтың екі күні ішінде вакцинаны алғашқы 300 ерікті қабылдады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ фазаларын клиникалық сынақтан өткізгені белгілі. Алдын ала жасалған шаралардың нәтижеcі отандық вакцина қауіпсіздігінің,  иммуногендігінің және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетуде.

Сынақтар сәтті аяқталып әрі Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген соң ерікті түрде жаппай вакцинациялау наурыз айына  жоспарланған. Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылуда, өйткені екпе жасау инфекцияның жаппай таралуына қарсы бірден-бір тиімді әдіс.

Айта кетерлігі, Алматыда сыйымдылығы 200 мың бірлікті құрайтын «Спутник V» антиковидті вакцинаны сақтайтын қоймалар дайын. Препаратты ұзақ мерзімде сақтау үшін нақтылы температуралық режимді ұстау маңызды шарттың бірі болып табылады.