|
27.07.2021 | 17:13
3044

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды

Екі тойдың бірінде 70-тен астам қонақ жиналса, ал бірінде 40-тан астам адам болған

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды пресс-служба ДП Туркестанской области

Түркістан облысында жасырын той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Түркістан облысында карантин режиміне қарамастан, жасырын тойды өткізетін тойханалар анықталды. Мәселен, Қазығұрт ауданында өзінде Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде орналасқан екі тойханада той болып жатқанын анықтады. Оның бірінде құдалық той болса, екіншісінде үйлену тойы өткізілген. Екі тойдың бірінде 70-тен астам қонақ жиналса, ал бірінде 40-тан астам адам болған. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша карантин талаптарын сақтамағаны үшін тойхана иесі мен екі тойдың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша) әкімшілік шара көру мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, Қазығұрт аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир