Алматыда карантин талаптарын бұзған бірнеше мекеме анықталды

Алматыда карантин талаптарын бұзған бірнеше мекеме анықталды
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тәулік ішінде мониторинг топтары карантин талаптарын бұзған 14 нысанды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды, айыппұл салынады. Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин талаптарын бұзған мекемелерді атады.

Мәселен, 19 қыркүйекте Наурызбай аданындағы Baqsarai мейрамханасы мен Amelie кафесі тыйым салынғанына қарамастан банкеттер өткізген. Дәл осы күні тексерушілер Алмалы ауданының «Медальон» мейрамханасы мен RST стом стоматологиясы қызметкерлерінің маска режимін бұзғанын анықтады. Барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына  жіберілді.

Түнде мониторингтік топтардың өкілдері Әуезов ауданындағы «Айнұр» кафесінде және House pub-барында, Алмалы ауданындағы «Проссеко бар» мейрамханасында жұмыс және маска режимін сақтамай, карантиндік шараларды бұзғанын анықтады. Сонымен қатар, тәртіп бұзушылардың арасында Желтоқсан көшесіндегі «Мята Платинум» лаундж-бары. Брусиловский көшесіндегі «Арша» мейрамханасы, Медеу ауданындағы Hookah-dreems barы, Радлов көшесіндегі Loto club, Бостандық ауданындағы «Кишлак» мейрамханасы, Storm және Battle palace компьютерлік клубтары бар.

Алматыда жыл басынан бері 40 мыңға жуық объекті тексерілді. Оның барысында 3 814 нысанның тәртіп бұзғаны анықталды. 461 млн теңгеден астам айыппұл бойынша 5 988 хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігі тұрғындарды карантиндік талаптарды орындауға, санитарлық ережелерді сақтауға шақырады, өйткені коронавирустық эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз.

Новости партнеров