Алтын маска таққан кәсіпкер коронавирустан болған пневмониядан көз жұмды

29.09.2020 22:23

Таза алтыннан құйылған бетперде 8 күнде дайын болған

ашық дереккөзден

Алтын маска таққан үндістандық кәсіпкер коронавирустан болған пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақандай 4 мың доллар тұратын бағалы бетперде өз иесін қауіпті вирустан қорғай алмады. Үндістандағы Махараштра штатының тұрғыны Шанкар Кураде пандемия өршіп кеткен уақытта алтыннан жасалған маскаға тапсырыс берген еді. Салмағы 60 граммдық таза алтыннан құйылған бетперде 8 күнде дайын болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша марқұм бағалы металдар мен асыл тастарға өте құмар жан болатын.