Қазақстан бойынша жазылғандар саны 60 адамға жетті
Алматыда коронавирустан 3 науқас жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді. Олар – 1993 және 1985 жылы туған екі әйел және 25 жастағы жігіт. Бірінші әйел 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен, екіншіcі 23 наурызда Ыстамбул - Мәскеу рейсімен және үшінші адам 26 наурызда Ыстамбул - Мәскеу рейсімен ұшып келген. Қазір провизорлық госпитальдарда 301 адам, оның ішінде 34 бала бар. Ал, карантиндік оқшаулауда 388 азамат, үйде 5 мың 217 адам жатыр.
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 764 адамға жетті