Басты міндет – Алматы қаласында эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы жағдайында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруды болдырмау
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алға қойған міндеттерді орындау үшін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Ж. Бекшиннің, қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктер басшыларының қатысуымен онлайн форматта жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басты міндет – Алматы қаласында эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы жағдайында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруды болдырмау.
«Эпидемиялық жағдай ушыға түсуде. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап инфекцияның он күндіктер бойынша жұқтыру динамикасы ұлғаюда, COVID-19 жұқтыру орташа 1,2-1,5 есеге өсті. 1-10 қаңтардағы өсім – 1,3 есе, ал 11-21 қаңтардағы өсім – 1,1 есе. Инфекция негізінен қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, ойын-сауық орындарында жұғуда. Сондықтан мейрамханалардың және басқа да қоғамдық орындардың жұмыс режимін ерекше бақылауға алу керек», – деп атап өтті Е. Бабақұмаров.
Ол онлайн кеңеске қатысқандарға нақтылы тапсырмалар берді және алға қойған міндеттерді орындауда олардың жеке жауапкершіліктері қаралатынын ескертті.
Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктеріне тиісті басқармалармен бірлесіп мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді атап өтті. Атап айтқанда инфекция жұғуы мүмкін тәуекел әрі тексерілетін наысндар тізімін ұлғайтуды тапсырды. Мұндай орындар- әуежайлар, вокзалдар, ірі қоғамдық орталықтар, жұмыс орындары, қоғамдық көлік және т. б.
Сонымен бірге, инфекция жұқтыру оффлайн режиміндеі жұмыс жасайтындар арасында жиі кездесуде 30,8% (439 адам). Кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық эпидемиялық талаптарды қатаң сақтаулары тиіс. Қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіподақтар федерациясын бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Соңғы 2 аптада тіркелген КВИ оқиғаларының 1426-сы көппәтерлі тұрғын үй секторының тұрғындары шамамен 65%-ды құрайды. Бұл көп пәтерлі үйлердің тұрғындарының кіреберістерде, лифтілерде және үй жанындағы дүкендер мен дәріханаларда жұқтыру қаупінің жоғары екендігін білдіреді. Осыған байланысты, ПИК және қаланың МИБ-мен жүйелі негізде есіктерді, тұтқаларды, лифтілерді және басқа да жаппай пайдалану орындарын дезинфекциялау мен өңдеуді күшейту бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, ауладағы дүкендер мен дәріханаларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауға алу тапсырылды.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ауру деңгейі әртүрлі пациенттерді ауруханаға жатқызу мен бағыттауды үйлестіруді, жедел медициналық көмек жұмысының алгоритмін және Алматы қаласында жұқтыру деңгейі өскен жағдайда ауруханаға жатқызуды ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.