Коронавирус жұқтырған 126 адамның жағдайы өте ауыр

25.11.2021 22:30

81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

28 704 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (–24 700+ және 4 004 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:


  • 451 адамның жағдайы ауыр,
  • 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.