Антибиотиктерді бей-берекет қолдана отырып, иммунитетімізді әлсіретеміз – инфекционист.

Антибиотиктерді бей-берекет қолдана отырып, иммунитетімізді әлсіретеміз – инфекционист.
Сол себепті үйде емделген лажы емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пневмания жұқтырғандар басында ауру жайлы білмеуі мүмкін. Тек демі қысылып, деміккен сәтте ғана сезінеді. Бүгін Алматы әкімдігінде өткен онлайн сұхбат барысында Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігер көп айтты екен деп бей-берекет антибиотиктерді ішпеуге кеңес берді. Бастысы иммунитетті көтеру керек деген ақ халатты салауатты өмір салтын сақтау керек дейді. Барынша спортпен айналысып, зиян әдеттерден аулақ болу қажет дегенді алға тартады. Сондай-ақ, жаз уақытында желдеткішті абайлап пайдалану керектігін ескертті. Денесі салқындап, ыстыққа шыққан адамның иммунитеті бірден түсіп кету қаупі бар. Одан да ауаны терезе ашу арқылы тазалауды ұсынды. 

«Пневманияның түріне тоқталып кеткен дұрыс. Бұл енді антибиотиктер бактерияны өлтіретін дәрілік зат болып табылады. Сол кезде антибиотикті өз-өзімізге тағайындап ішкен кезімізде біз иммунитетімізді одан сайын әлсіретіп, денсаулығымызды нашарлатып, жылайтын жағдайға жеткізіп қалуымыз мүмкін. Сол себепті үйде емделген лажы емес. Көбінесе дәрігермен кеңесіп, аурудың қандай жағдайда өтіп жатқанын, қандай деңгейде екенін соны анықтап, қосымша емханада ренгенологиялық зерттеулер жасап, содан кейін барып, керекті нақты дәрілерді тағайындаған дұрыс болады», – деді Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов.


Новости партнеров