Барлық індет жұқтырғандар карантинге жатқызылды, олармен байланыста болғандар анықталып жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 36-ға жетті. Оның 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Барлық індет жұқтырғандар карантинге жатқызылды, олармен байланыста болғандар анықталып жатыр. Еске салайын, Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық медициналық мекемелерде карантин енгізілген болатын. Соған сәйкес, ауруханаларға тек сол жерде істейтін медициналық персонал ғана кіре алады.
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды