«Қызыл» мәртебемен пойызға отырмақ болған 500 адам анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ал «сары» мәртебесімен 239 адам тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вокзалдарда Ashyq бағдарламасы енгізілгеннен бергі уақытта 500-ден астам «қызыл» және 239 «сары» мәртебесі бар адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бәрінен де оқшалануды елемей, айналасындағы адамдарды қауіп-қатерге тігетіндер қатары Нұр-Сұлтан қаласында көп болып шықты. Елордалық вокзалдар аумағында «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 177 азаматқа кіруге рұқсат берілмеген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вокзалдарға тек «көк» және «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетінін еске салады. ПТР талдауы қажет емес. Келушілерде гаджет болмаған жағдайда вокзал қызметкерлері ЖСН бойынша статусты тексереді. Пайдаланылмаған билеттерді қайтару үшін «сары» немесе «қызыл» мәртебесі анықталған жолаушыларға: 

- WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы мына нөмірге +7 707 270 36 64 орындарды тапсыру үшін жол жүру құжатының (билеттің) фото/скриншотын; 

Ashyq қосымшасынан мәртебенің фото/скриншотын және жеке басын растайтын құжаттың фотосуретін (паспорт/куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) жіберу керек. 

- 6 ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез келген билет кассасына жолаушының жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасымен келіп, пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару үшін (1-тармақ орындалған жағдайда) өтініш жазуға болады. Пайдаланылмаған билетті қайтару сомасы жолаушы, багаж, жүк-багаж және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Новости партнеров