Үш жасар бала коронавирустан қайтыс болды

16.05.2020 22:46

Дәрігерлер бастапқыда балаға «периостит» деген диагноз қойған

liter.kz

Мәскеуде коронавирус инфекциясынан үш жаса бала көз жұмды.

Пациент төрт күн бойы Морозов ауруханасында жатқан. Алайда, дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады, деп хабарлайды Almaty.tv ресейлік БАҚ хабарламасына сілтеме жасап.

«Московский комсомолец» сайтында 12 мамыр күні тісі қатты ауырған 3 жасар ұл баланы әжесі ауруханаға апарғаны айтылады.

Дәрігерлер бастапқыда балаға «периостит» деген диагноз қойған. Алайда, бірнеше күннен кейін бүлдіршіннің денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

Одан коронавирусқа алынған тест сынамасы оң нәтиже көрсеткен.