Бұған дейін тағы 147 адам COVID-19 вирусынан емделіп шыққан болатын
Қазақстанда тағы 105 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
COVID-19 вирусынан жазылып шыққандар:
Нұр-Сұлтан қаласы - 29,
Алматы қаласы - 21,
Шымкент қаласы - 3,
Алматы облысы - 15,
Қостанай облысы - 2,
Қызылорда облысы - 1,
Павлодар облысы - 5,
Батыс Қазақстан облысы - 4,
Шығыс Қазақстан облысы - 3,
Түркістан облысы - 4,
Жамбыл облысы – 18 адам.
Айта кетсек, бүгін тағы 147 адамның COVID-19 вирусынан емделіп шыққан хабарлаған болатынбыз.
Қазіргі уақыттта еліміз бойынша қауіпті індеттен жазылғандар саны 2959 адамға жетті.