ДДҰ коронавируске қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты

29.08.2020 22:52

Бұл тізімге 19 елден 33 вакцина енгізілген

көрнекі сурет

ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасаған қазақстандық өнімді клиникалық зерттеулерге бекітілген вакциналар тізіміне ресми түрде қосты.

Бұл тізімге 19 елден 33 вакцина енгізілген.

Белсенді емес вирусы бар қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің 1/2 кезеңінде.

Айта кетейік, ДДҰ клиникалық зерттеулерге ресми түрде бекітілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канаданың өнімдері қабылданған.