Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды
polisia.kz
Әйел санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, өзімен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден бас тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Коронавируспен ауыратын науқастардың бірі– азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.
Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25