Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр
Коронавирустың жаңа штамы тағы бір елде анықталды. Оңтүстік Кореяда Ұлыбританиядан келген үш адамның аурудың жаңа түрін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
22-ші желтоқсан келген жолаушылардан талдау алынған. Сол кезде генетикалық анализден коронавирустың ұлыбританиялық түрі табылды. Олар елге Лондонда тұратын отбасы ретінде кірген. Қазір азаматтар карантинге жатқызылыпты.
Ал, Израильде пандемия басталғалы инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған локдаун үшінші рет енгізілді. Жексенбіден бастап Израиль тұрғындарына үйлерінен себепсіз шығып, одан бір шақырымнан ұзақ алыстауға тыйым салынған, өмірлік маңызы жоқ барлық дүкендер мен кәсіпорындар жабылуда. Локдаун кем дегенде екі аптаға енгізіліп жатыр.
Коронавирусқа қатысты сандарға зер салсақ. Осы күні әлем жұртының 81 миллионнан көбі аталған дертті жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 800 мыңға жуық науқас коронавирустың кесірінен мерт болыпты. Қадірлі көрермендер, аурудың жаңа түрі тарап, көп мемлекеттер шектеу шараларын қатаңдатып жатқанын көрдік. Сондықтан, ауырып қалмаудың жолын қарастырып, көпшілік жерде маска мен әлеуметтік ара қашықтықты ұстанып жүрейік.