Атырауда карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін созылды

13.09.2020 23:00

Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн

© CC BY-SA 4.0 / ru.wikipedia.org/Zhanna Lorde

Атырау облысы бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес өңірдегі карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін созылды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Liter.kz мәліметіне сүйенсек, жаңа қаулыға сәйкес театр, кітапхана, мұражай тәрізді мәдени нысандардың қызметтерін ғимараттағы адам саны жалпы сыйымдылықтан 50%-дан аспаған жағдайда, яғни 50 адамнан көп емес әрі әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, қалалық бассейндердің қызметіне рұқсат етілді. Олар адам саны 50-ден, яғни жалпы сыйымдылығынан 30% аспаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-22:00 аралығында жұмысын жалғастыра алады.

Сауда нысандары да 09:00-22:00 аралығында жұмыс істейді, адамдар ол жерлерге бара алады. Алайда барушылардың шекті межесі 30%-дан аспауы қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Әрі бір келушіге 4 шаршы метрден деген қағидасы тағы бар.