Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ

Фото: vecher.kz
Фото: vecher.kz
Алматыда амбулаториялық ем қабылдап жатқан 6011 науқас бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, жоғары медициналық колледж директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Светлана Сұлтанғазиева Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ екендігін хабарлады. Бүгінде төсек-орындардың 59 %-ы бос емес, оларда 3872 пациент емделуде, барлығы 6100 төсек-орын бар.

Алматыда амбулаториялық ем қабылдап жатқан 6011 науқас бар, оның 1150-і симптомсыз. Қыстың басында қалада 500 науқас амбулаториялық ем алған. Басқаша айтқанда, эпидемиологиялық жағдай ушығып барады.

Осыған байланысты медицина қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалада әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, полиция қызметкерлерінен тұратын мониторингтік топтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, Алматыда Анестезиология және реанимация орталығы құрылды, оның құрамына медициналық университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы кіреді. Ғылыми қызметкерлерден тұратын мобильді топ барлық инфекциялық стационарларға барады, пациенттерді тексеруге көмектеседі, емдеуді түзетеді және дәрігерлерге қашықтықтан көмек көрсетеді.

Спикер қазіргі уақытта тұрғындарға қалада вакциналардың бар-жоғына алаңдаушылық тудырудың қажеттілігі жоқ екенін айтты. Барлық егу пунктінде вакцина жеткілікті. Алматыға коронавирус вакцинасының бірінші компонентінің 175 250 дозасы, екінші компонентінің 59 650 дозасы жеткізілді. Егу пунктінің орналасқан жерін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтынан, сондай-ақ 3000-505 және 1312 телефондары арқылы білуге болады. Әрі вакцинациядан кейін температура көтерілген жағдайда осы нөмірлерге қоңырау шалу керек.

Светлана Сұлтанғазиеваның айтуына қарағанда, бүгінгі күні Алматыда 200-ге жуық егу пункті жұмыс істеп жатыр, оның 74-і қалалық емханалар жанынан ашылған, қалғандары мәдениет нысандары, сауда, ойын-сауық орталықтарының, базарлар мен мектептер базасында ашылған. Вакцинация жүргізу үшін барлығы 250 егу пунктін жұмылдыру жоспарланып отыр.

Спикердің келтірген мәліметтері бойынша, өткен сенбі (10 сәуір) Алматыда 11мың адам вакцина салдырған, жексенбі күні (11 сәуір) мегаполистің 6140 тұрғыны екпе алған. Вакцинация басталғалы биылғы жылдың 1 ақпанынан бері коронавирустан 75 660 адам екпе алған, оның ішінде екі компонентін 14 800 адам салдырған.

Қала аудандары бойынша вакцинацияланған тұрғындар туралы ақпарат:

Алатау ауданы – 5590 адам

Алмалы ауданы –  16 665

Әуезов ауданы – 11 560

Бостандық ауданы –  15 250

Жетісу ауданы –  2685

Медеу ауданы –  10 495

Наурызбай ауданы –  4355

Түрксіб ауданы –  9060

ҚДСБ өкілі қазіргі уақытта егу пункттерінде мамандар тапшылығы жоқ екенін айтты. Егу пункттерінде күнделікті 1700-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылған. Сонымен бірге, штаттағы қызметкерлерге көмекке жоғары оқу орындары мен колледжердің студенттерінен еріктілер жолданған, сондай-ақ, пункттерде медициналық оқу орындарының оқытушылары, интерндар кезекшілік атқарады.

700-ден астам студент СОО мен базарларда орналасқан егу пункттерінде жұмыс істеу үшін алдын ала оқытылған. Студенттер тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелердің қарамағында жұмыс істейді.

Атап өтетін жайт, вакцинацияға жіберілген медицина қызметкерлерінің бәрінің орташа медициналық қызметкер екендігін растайтын сертификаттары бар.

700-ден астам студент оқытылып, дайындалды, СОО-да тәжірибеді мебикелер мен дәрігерлердің бақылауында жұмыс істейді. Мұндай рұқсаты жоқтар тіркеуші ретінде жұмыс істейді, екпе алғандардың деректерін базаға енгізіп отырады.

Бір сөзбен айтқанда, өткен аптадан бері алматылықтардың вакцинацияға элекронды үкімет платформасы немесе Е-гов мобайл мобильді қосымшасы арқылы жазылу мүмкіндігі бар. Қала тұрғынынан өтініш түсе сала, онымен емхана қызметкерлері жұмыс істейді, оны вакцинациялау кестесіне енгізеді, СМС хабарлама түрінде шақырту жібереді.

Новости партнеров