Алматылық пульмонолог КВИ-мен ауырған науқастардың денсаулығы жөнінде айтты

Алматылық пульмонолог КВИ-мен ауырған науқастардың денсаулығы жөнінде айтты
Маманның айтуынша, Covid-19 ауруымен ауырған пациенттердің денсаулығының жағдайы әртүрлі, аурушаңдықты көтере алуына байланысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың денсаулығы туралы Алматы қаласының пульмонологы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

№36 Қалалық емхананың пульмонолог-дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Даме Сайланова коронавирустық инфекциясымен ауырған пациенттер туралы айтты.

Маманның айтуынша, Covid-19 ауруымен ауырған пациенттердің денсаулығының жағдайы әртүрлі, аурушаңдықты көтере алуына байланысты.

Егер ауру адам өкпесінің 75-80% мөлшері зақымданып жасанды өкпені желдетуге қосылса, онда пациентте ұзақ уақыт әлсіздік орын алып, бұлшықеттері, кеудесі аурып, кезеңді түрде шала қызулы температурасы болып ендігіп қалатын күйде болады.

Аурып болғаннан кейін қалпына келу кезеңі бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Өкпесі зақымданған пациенттерде пневмофибриоз туындауы, яғни рентгенге түскен кезде тігіс секілді көрінеді. Осыған байланысты, пациентте көбінесе созылмалы жеткілікті трүде тыныс алуы және өкпенің созылмалы аурулары өршиді.

«Коронавируспен ауырған пациенттердің кейбіреуінде жалпы әлсіздік, тез шаршағандық, ашуланшақтық, көңіл күйінің жиі өзгеруі, ұйқысының бұзуылуы, депрессия мазасын алады, мұндай кезде емдеу шарасын жүргізіп организмді бекіту қажет. Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі пациенттерді біз, көрсеткіштері бойынша, өкпенің желдетуін жақсарту, мазасызданы және депрессияның алдын алу, өмір сүруін жақсарту мақсатында оңалту орталықтарына жібереміз.

Оңалту үрдісінің ұзақтылығы 14 күнге дейін созылады. Ол жерде реабилитолог дәрігерлердің бақылауында болып, депрессия белгісі анықталған пациенттермен психологтар жұмыс жасайды, сондай-ақ, физиотерапевттік емшаралар жүргізіліп, кеуде клеткасына уқалау жасалады және т.б. шаралар қарастырылады», – деп түсіндірді Даме Сайланова.

Өкпе зақымдануы 50-60% мөлшерінде белгіленген пациенттерде өкпе клеткасы 5-6 ай аралығында қалпына келеді.

Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі қалпына келу үрдісі – оңай әрі тез өтетін үрдіс емес, дейді дәрігер. Әр адамда қалпына келу уақыты әртүрлі болады, ол адам ағзасына және ол адамда болатын созылмалы ауруға байланысты.

Сөзінің аяғында маман коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарға белсенді қозғалуға, тыныс аулу гимнастикасын жасауға, таза ауада жиі серуендеуге, ақуызы бар тамақтарды көп жеуге, жеміс-жидек пен көкөністерді көптеп жеуге, сұйықтықты, сорпаны ішуге және ет тағамдарын жеуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациясы басталды. Барлық егу пункттері ақпараттық-білім беру материалдарымен қамтамасыз етілген, егілгендерге арналған белгіленген үлгідегі бейдждер бар, «жедел желі» ұйымдастырылған.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға, әсіресе нашар желдетілетін жабық орындарға (ғимараттарға) барудан бас тартуға шақырады.

Новости партнеров