|
05.02.2021 | 09:15
3087

Sputnik V вакцинасы халал ма – мүфти жауап берді

Мүфти Ильдар Аляутдинов РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында онда мұсылмандарға тыйым салынған ештеңе жоқ екенін айтты

Sputnik V вакцинасы халал ма – мүфти жауап берді Фото ©REUTERS

Ресей мұсылмандары діни басқармасы Sputnik V вакцинасын жасаушылардан вакцина құрамы туралы ақпаратпен танысқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Мүфти Ильдар Аляутдинов РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында онда мұсылмандарға тыйым салынған ештеңе жоқ екенін атап өтті.

«Вакцинаны жасап шығарушылардан жауап келді. Мысалы, оның құрамында шошқа сағызы жоқ, сол секілді адам компоненттері (жасушасы дегендей) де жоқ. Негізінде, бір қарағанда, ислам тұрғысынан тыйым салынған нәрсе жоқ деп айтуға болады», – деді Аляутдинов.

Келген жауаптан соң діни басқармадағылар оларға вакцина құрамына қатысты тереңірек сұрақтар жолдаған.

Енді вакцина жасаушы ғылыми мекемелердің өкілдерімен теологтардың бірлескен кездесуі жоспарланып отыр. Ондағы мақсат – діни-құқықытық қорытынды, яғни пәтуа шығару, деп түсіндірді мүфти.

3 ақпанда Қазақстанның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналарды халал немесе халал емес деп қарастыру медицина саласының құзіретіне жатпайтынын айтқан болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир