Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда 25 наурыз 14:00-дегі жағдай бойынша 44 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Үкімет үйіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгін елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелген. Бірі – , Бішкек қаласында тұратын 1960 жылғы ер адам, ол ауруды Испаниядан келген адамнан жұқтырған. Екіншісі – 1985 жылғы ер адам, ол Шу облысы Мәскеу ауданының тұрғыны. Ол 20 наурызда Дубайдан келген екен. Акматова Испаниядан келген адамның кері ұшып кеткенін айтты.

«Қазіргі уақытта елде 44 адамның коронавирусқа шалдықққаны анықталды, оның ішінде: Ош облысында – 22 жағдай, Жалалабад облысында – 19, Бішкек қаласында – 3, Шу облысында – 1, Баткен облысында – 1, барлығы 44 жағдай тіркеліп отыр», - деп хабарлады А. Акматова.


Новости партнеров