|
25.03.2020 | 19:44
1337

Президент Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты

Президент азаматтарға карантин талаптарын сақтау қажеттігі жайында айтты

Президент Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция  негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін және COVID-19 вирусының әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысын бастап кетті.

«Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызмет жұмысына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Президент азаматтарға карантин талаптарын сақтау қажеттігі жайында айтты.

«Мен азаматтарымызды карантин режимін сақтауға шақырамын. Бірақ ешқандай дүрбелең туғызуға болмайды. Өйткені індет ежелден оптимизм мен өмірге құштарлық салтанат құрған, адамдардың жігері мұқалмайтын жерлерді айналып өтеді. Сонымен қатар, кімде-кім депрессияға түсіп, қайғыға салынатын болса, инфекция да соған үйір болады. Сондықтан бәріміз бірге болуымыз керек», – деді ҚР Президенті Қасым-жомарт ТОҚАЕВ.

Айта кетейік, бұған дейін отандық ғылыми ұйымдар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген болатын. Жалпы вакцинаның 28 түрі жасалып және диагностикалық тест жүйесінің технологиялары әзірленді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир