Алматы «қызыл» аймақта: әкімдік қандай шаралар қабылдап жатыр

26.06.2021 23:13

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрғындарды вакциналау қарқыны да артты

Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда коронавирус дертінің көбеюі инфекцияның ушығуымен әрі жаңа «дельта» штаммының тез тарауымен байланысты. Сондықтан қала тұрғындарының жұқтыруына жол бермеу бойынша күшейтілген шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылы 26 маусымда Қазақстан аймағында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы 5 күндік «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтті. Қалада бір тәулік ішінде 217 коронавируспен сырқаттану жағдайы анықталды.

Қалада мониторингтік топтардың белсенді жұмысы жалғасуда, 2 856 рейд жүргізілді, 26 938 нысан қамтылды, карантиндік шектеулерді бұзған 2 410 (9%) нысан анықталды.

Сондай-ақ, Алматыда қоғамдық орындарда карантиндік шаралар күшейтілді. Саябақтарға, скверлерге, хайуанаттар бағына, қала базарларының кіреберісінде бетперде сату мен қауіпсіздік шаралары туралы дыбыстық хабарлау ұйымдастырылып жатыр, санитарлық патрульдердің жұмысы күшейтілді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрғындарды вакциналау қарқыны да артты.

26 маусымда Алматыда 413 703 адам вакцина алды. Алдыңғы тәулік ішінде 10 725 адам вакциналанды. 60 жастан асқан вакцинацияланған адамдардың жалпы саны - 59 590.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қамтитын карантиндік шараларды қатаң сақтау, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарға бармаған жөн. Денсаулықты қорғаудың жалғыз жолы вакцина алу.