Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін бе

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Әзірше қала «сары» аймақта
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елордадағы эпидахуалдың тұрақтана бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«15 шілдеден бері коронавирус жөніндегі эпидахуал матрицасын қайта қарап, өзектілендірдік. Соңғы 7 күндегі орташа тәуліктік науқастану көрсеткішінен, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткішіне көштік. Бұл, яғни, емханаға жатқызудың тәуліктік деңгейі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені дәл сипаттайды», – деді вице-министр. 

Оның сөзіне қарағанда кейінгі бірнеше күнде ахуалдың тұрақтанып келеді. 

«Екіншіден, Нұр-Сұлтанда «R» көрсеткіші күн сайын азайып келеді. Ол шама бүгін бірден сәл ғана артық болып тұр – 1,098. Нұр-Сұлтандағы қазіргі ахуалы ушығып тұр дегеннен тұрақтанып келе жатыр деуге көбірек келеді. Сондықтан біз Нұр-Сұлтан қаласында қосымша қатаң шаралар енгізу туралы айтып та, болжап та отырған жоқпыз. Бірақ көп дүние өзімізге, біздің әрекетімізге, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына құлақ асқанымызға байланысты. Әзірше Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. Бұл жағдайда қоғамдық көлікке мінген кезде және жабық ғимаратқа кіргенде маска кию сияқты шаралар ғана бар», – деді Айжан Есмағамбетов.

Новости партнеров