|
09.12.2020 | 18:19
4226

Коронавирус: Алматы қаласы қайтадан «сары аймаққа» кірді

Алматының бас санитар дәргері мегаполистегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай жөнінде айтты

Коронавирус: Алматы қаласы қайтадан «сары аймаққа» кірді Almaty.tv

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Қазір қала қайта «сары» деңгейге көтеріліп, жағдай құбылып тұр. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас санитар коронавирусты жұқтыру деңгейінің 36 пайызы үйде болатындықтан, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасына сондай науқастарды анықтап оларды дереу оқшаулауға тапсырма берді. Сондай-ақ, вирустың таралуын тоқтату үшін мынадай шаралар қабылданады деп күтілуде: Олар: жұмысшылары 15 адамнан көп ұйымдардың жұмысын 80 пайызға дейін онлайн режимге ауыстыру, балабақшалар мен мектептерде қосымша кезекші топтар ашуды тоқтата тұру, сауда орталықтарының жұмысын сенбі күні 17:00-ге дейін, ал жексенбі мүлде жабу, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын шектеу, кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа тасымалдау сияқты қосымша шаралар қабылдануы мүмкін. Әйтсе де химиялық тазалау, ателье, жөндеу шеберханалары мен автожуу сияқты нысандардың жұмысы шектелмейді.

«Болжамды өсім байқалады: 1 аптада - 424 жағдай, 2 аптада  - 466 жағдай, 3 аптада - 512 жағдай, 4 аптада - 563 жағдай, желтоқсан айында 1900 жағдай оптимистік болжам бойынша және 2100 жағдай пессимистік болжам бойынша анықталды», – деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин бұған дейін қоғамды толғандырған сұраққа, яғни 14-15 желтоқсанда карантинді қатаңдатуға байланысты жауап берді. Сөзінше, мұндай шара эпидемиологиялық ахуалға тікелей байланысты екенін ескертті. Ал жаңа жылдан кейін оқушылардың бұрынғы форматқа көшірілуі әзірге белгісіз.  Корпоративтік кештерге тыйым салынады. Алайда жаңа жылдық мерекеге орай ірі сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир