Коронавируске қарсы вакцинаның қанша тұратыны мәлім болды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Қажетті мөлшерде сатып алу үшін бірнеше миллиард теңгеден астам қаражат қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирусқа қарсы вакцина қанша тұратыны мәлім болды. Оны қажетті мөлшерде сатып алу үшін елімізге 18 миллиард теңгеден астам қаражат қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов әлеуметтік желідегі өзінің постында дәл осылай деп жазды. Ол сондай-ақ, екпе кімге тегін салынатынын мәлімдеді. Аталған мәселе орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де талқыға салынды. Сонымен, жеңілдік кімге беріледі? Вакцинаны салдыртуға қанша адам ниетті? Almaty.tv тілшісі Салтанат Нысанбек толықтырсын.

Қазақстан індетке қарсы екпе туралы барлық әлемдік тәжірибені жіті зерттеген. Нәтижесінде, осы саладағы тәжірибесі мол халықаралық COVAX Facility бағдарламасына қосылды. Ал вакциналар мен иммундық белсенділік жөніндегі жаһандық GAVI альянсының мәліметінше, індетке қарсы екпенің бір дозасының бағасы 10-20 доллар аралығында болмақ. Ұлттық валютамен есептегенде 4142 теңгеден бастап 8284 теңгеге дейін деп күтілуде. Қажетті мөлшердегі екпені сатып алуға, көлік шығындарын есептемегенде 18 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов фейсбуктегі жарияланымында дәл осылай деп жеткізді. Айтуынша, алдын ала есеп бойынша елімізде 2 182 000 адам екпе алады. Ал вакцинациялаудан бірінші кезекте кім өтетінін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова айтты.

«Бұл созылмалы аурулары бар қауіп-қатер тобындағы адамдар. Статистикамыз бен талдаулар көрсеткендей, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертониямен сырқат жандар індетті пневмония түрінде өте ауыр өткеруде. Сол себептен бірінші кезекте дәп осы топтағы адамдарға ден қоямыз. Келісім жасасудың барлық шаралары аяқталып, вакцина шығысымен, бірлен сатып алуға кірісеміз. Қазір барлық қажетті есептеулер жүргізілуде», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова.

Ал СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған екен. Дәрілік заттар 189 жұқпалы аурулар ауруханасына және 330 уақытша орталыққа жөнелтілген.

«Қосымша өтініштер әлі де қабылданып жатыр. Мәселен, шілде айына да қатысты өтініштер бар. Сондай-ақ, біз 8,7 млрд теңгеге қосымша сатып алулар жүргізудеміз. Медициналық ұйымдарға қажетті COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің қосымша 91 түрін жедел сатып алдық. 10-15 тамызда біз қосымша тұтынуды қамтамасыз етеміз», – деді «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Бұл медициналық маскалар жақын арада 60 теңгеден сатылуы мүмкін. Оның құнын Денсаулық сақтау министрлігі төмендеткісі келеді. Бұл үшін қазір өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Людмила Бұйрабекова бетперде құны бұрынғы 15 теңгеге оралмайтынын жеткізді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шикізат 20-25 есеге қымбаттағанын хабарлаған екен. Ал біз шикізатқа тәуелдіміз, сол себептен маскалар құны бұрынғыдай болмайды деді.

Салтанат Нысанбек, Данияр Омар, Ботагөз Қайырбекова, «Алматы» арнасы, Нұр-Сұлтаннан

Новости партнеров