Ақтөбеде карантинде жатқан ер адам қашып кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Облыста төтенша жағдай режимін бұзған 133 жағдай тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде төтенша жағдай режимін бұзған 133 жағдай тіркелді. Шымкенттен келген аудан тұрғыны карантинді бұзып, үйіне рұқсатсыз кетіп қалған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Полиция мен еріктілер төтенше жағдай режимін бұзғандарды анықтап жатыр. Облыста барлығы 133 дерек тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 10 адам қамалды, 56 айыппұл салынып, 43 дерек бойынша іс сотқа жіберілді.
«Мұғалжар ауданының тұрғыны Шымкенттен келген. Ол аудандық ауруханада карантинде жатқан жерінен үйіне рұқсатсыз кетіп қалған. Ер адам ұсталып, әкімшілік іс сотқа жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетешісі Ерболат Сарқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54