Алматының Бостандық ауданындағы «жұқтыру орындарын» талдау нәтижесі: қоғамдық орындар – 22%, базарлар – 13%, қоғамдық көлік – 25%

стоп-кадр
стоп-кадр
Аудандағы қоғамдық орындарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданындағы «жұқтыру орындарын» талдау нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Короновирустың таралуына байланысты, сонымен қатар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына орай 10 наурыздан бастап Алматы қаласы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен болатын.


«2020 жылы аурудың 3 014 жағдайы тіркелді, осы жылдың басынан бері 681 адам коронавируспен ауырды, соңғы үш күнде 73 жағдай анықталды, егер бұрын «жасыл» аймақта күніне 10-ға жуық жағдай тіркелген болса, қазір 2-3 есе өсті», – деп хабарлады Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов.


Осыған байланысты 2021 жылғы 10 наурызда  Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің індеттің алдын-алуға бағытталған шараларды күшейту туралы № 9 қаулысы шықты.


«Өкінішке қарай, аталған қатаң шаралардың қажеттігін және адам денсаулығы үшін маңыздылығын барлық кәсіпкерлер жіті түсінбеген сияқты. Қабылданған қаулыға қарамастан көптеген түнгі клуб, караоке барлар, компьютерлік клубтар өз жұмысын тоқтатпай, індеттің таралуына жол ашып отыр. Жүргізілген сараптама жұмыстары көрсеткеніндей, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде ауруды жұқтыру деңгейі 22% өскен, базарларда 13% артқан, қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі 25%, үйде байланыс жасағандар 15%-ға дейін жетіп отыр», – деп атап өтті аудан әкімі.


Аудандағы қоғамдық орындарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Осы ретте ауданда мониторинг жұмыстарын күшейту мақсатында мониторингтік топтардың саны 4-тен 7-ге дейін ұлғайтылды. Осы жылдың басынан бері аталған мониторингтік топтармен (құрамында аудандық әкімдік қызметкерлері, ЖПҚ, «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» партиясы) барлығы 1233 нысан тексеріліп, 27 заңды тұлғаға қатысты (9,8 млн тг) және 144 жеке тұлғаға қатысты (6,3 млн тг) әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Ауданның мониторингтік тобы демалыс күндері 12-14 наурыз аралығында күшейтіп, 131 нысан тексерілді, 80 бұзушылық анықталды, оның ішінде: бетперде режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 60 әкімшілік хаттама және заңды тұлғаларға 20 баянат жасалды.


Карантин режимін қасақана бұзушылар арасында:

1. Crystal караокесі, Әл-Фараби даңғылы, 7 к5а

2. Гастробар Gastreat, Гагарин даңғылы, 287б

3. ВанГог рестобары, Байзақов к, 280

4. Queer түнгі клубы, Абай даңғылы, 10

5. BE TO BEE лаундж бары, Жароков к, 124

6. STRONG компьютерлік клубы, Масанчи к,100

7. Vivaldi ойын-сауық кешені, Айманов к, 208а

8. «ЖЕСТЬ» түнгі клубы, Розыбакиев к, 234

9. NINO мейрамханасы Әл- Фараби даңғылы,140 А

10. Cyber Sport компьютерлік клубы, Масанчи к,100 және басқалары бар.


9 нысан бойынша тиісті материалдар сотқа жолданды. Оның 5-уі бойынша соттың шешімі шығарылды (ресторан «Бәрібір в Шатрах», ресторан «Sunset», Таверна «Шмель», «Queer» түнгі клубы, «Kango» батутный паркі). Қалған 4 нысан бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. (ресторан «Нино» пр. Аль-Фараби,140/А, ночной клуб «Queer» пр Абая,10 — арендатор, лаундж бар «Мята Платинум» пр. Абая, 26г, караоке Ministry пр. Аль-Фараби, 19 к. 1б).

«Өткен демалыс күндері 13-14 наурызда ауданы 2000 шаршы метрден асатын барлық ірі сауда орталықтары жабылды, бірақ мониторингтік топ АДК СОО жеке жалға алушыларының жұмыс істеуін тіркеді, осыған байланысты әкімшілік жазалау шаралары қабылданды», – деп атап өтті аудан әкімі.


Қоғамдық көлік жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Тек 15 наурызда таңертең бетперде режимін бұзған көптеген адамдар анықталды. Тиісті шаралар қабылданды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


«Індетпен күрестің тиімді жолдарының бірі вакцинация екені белгілі. Бірінші кезекте 792 медицина қызметкерлері вакцинациядан сәтті өтті. Қазіргі таңда полиция және білім мекемелерінің қызметкерлері вакцинациядан өтуде», – деп хабарлады ол.


Сонымен қатар, «Наурыз» мерекесі және алдағы мерекелік 5 күн демалыс күнінің жақындауына байланысты аудан әкімі тұрғындарға жүгінді.


«Осы жарқын мереке күндері біздің адамдар бір-біріне қонаққа баруға дағдыланған. Күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында «Наурыз» мерекесіне орайластырылған барлық іс-шараларды (офлайн режимде) болдырмауға, жауапкершілік танытуға, шектеу шараларын, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және әсіресе тәуекел тобына кіретін қарт адамдарға қонаққа барудан аулақ болуға шақырамын. Аудан тұрғындарынан осы мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймын. Барлық шараларды сақтай отырып, біз бұл қиындықты бірге еңсере алатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Алтай Рахымбетов.

Новости партнеров