Түркістан облысында тағы 2 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 165 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«Скринингтік тексеру нәтижесінде COVID-19 Қазығұрт ауданының 1975 жылғы және 1994 жылғы тұрғындарынан табылды. Қазіргі таңда, аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетсек, Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 165 адамға жетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33