Алматы облысында 8 айлық сәби коронавирус жұқтырған

25.04.2020 23:41

Өңірде тағы 13 адамның қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 9-ы - Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Олардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 86 адамға жетті.