Еліміз бойынша қауіпті індеттен айыққандар саны 645 адамға жетті
Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі сәтте Қазақстан бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында
– 1,
Шымкент қаласында – 1,
Шығыс Қазақстан облысында – 1,
Қызылорда облысында – 6,
Атырау облысында – 7 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.
Елімізде барлығы 645 адам ауруынан айықты.