Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осылай айтты
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал нашарлай бастады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл ретте тұрғындардың сақтық шараларын ұстанбауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін екені айтылды. Бұдан бөлек, фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндеті атқарушы Қазақстандық вакцина 9 ай мерзімге уақытша тіркеуден өтті деді. .
«Қазақстандық «KazCOVID-in» вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша екінші кезең жүріп жатыр. Жақсы нәтиже көрсеткен аралық нәтижелер ұсынылды. Үшінші кезең бойынша - 25 желтоқсанда клиникалық зерттеу басталды. 11 қаңтарда тартылған 3 мыңға жуық адам вакцинацияланды. Қазір олар үнемі зерттеушілердің бақылауында болады», – деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асылбек Нұрлыбеков.