|
16.03.2020 | 19:03
1488

Қауіпті аймақта болғанын жасырған тұрғындар анықталды

Ақтау халықаралық әуежайындағы облыстың эпидемияға қарсы қызметінің мамандары анықтаған

Қауіпті аймақта болғанын жасырған тұрғындар анықталды inform.kz

Кейбір қазақстандықтар карантиннен қашып құтылу мақсатында, коронавирус індетінің «А» категориясы бойынша қауіпті аймақ саналатын басқа мемлекеттерден елге оралғандығы туралы ақпаратты жасыруға тырысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осындай фактілердің бірін Ақтау халықаралық әуежайындағы облыстың эпидемияға қарсы қызметінің мамандары анықтапты. Мәскеу арқылы елге транзитпен ұшып келген үш қазақстандық әйел Испания мен Италияда болғанын айтпаған. Олар бұл елдерге круиздік лайнермен саяхаттау кезінде барған. Абырой болғанда, әйелдерді әуежайдан күтіп алған жедел жәрдем көлігі тұрғылықты мекенжайына жеткізген. Қазіргі уақытта олардан үй карантинін міндетті түрде сақтау қажеттігі бойынша қолхат алынған және ереже бұзушылық орын алғандағы әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілген.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир