«Омикрон» штамы балалар арасында көптеп таралып жатыр

21.01.2022 01:27

Алматыда бір күннің ішінде 2025 адам коронавируспен ауырған

Фото politeka.net

Елімізде өткен тәулікте 15 872 адамда коронавирус анықталды. Алматыда бір күннің ішінде 2025 адам коронавируспен ауырған. Ал «омикрон» штамы балаларда ауыр өтіп жатыр. Осылай деген инфекционист дәрігер Динагүл Баешева вирусты тасымалдаушы бір түшкіргенде, жүздеген адамға жұктыруы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

 

Осы ретте ол ата-аналарды балаларының респираторлы ауру белгілері бар туыстарымен, жақындарымен, таныстарымен қарым-қатынасқа түспеу керектігін айрықша атап өтті.   

«Мысалы, біздің ауруханамызда жатқан балалардың 80 пайызы – 5 жасқа дейінгі балалар. Жаңа туған нәрестеден бастап, әсіресе 1 жасқа толмаған балалардың саны көп. Ауру көбінесе ата-аналардан, үйде тұратын адамдардан жаңа кішкентай балаларға жұғып жатыр. Оның клиникалық көрінісінде дененің қызбасы пайда болады. Сонымен қатар баланың даусы өзгереді. Даусының тембрі өзгереді», – дейді инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева.