Жаңа қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің Алматыда карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа қаулыға сәйкес, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады.
Сауда орталықтарындағы тамақтану орындары сағат 7:00-23:00 аралығында жұмыс істейді, соңғы чек сағат 22:00-де жабылуы тиіс.
Жаңа қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кіргенін жазған болатынбыз.