Карантин: Алматыда тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдету үшін еріктілер жұмылдырылды

21.03.2020 00:11

500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр,

Almaty.tv

Алматыдағы карантиндік жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларды жүзеге асыруда тәртіп сақшыларының қызметі маңызды. Бүгінде қаланың кіреберіс жерлерінің 27 блок бекет қойылғаны белгілі. Полицияның біраз күші де осында жұмылдырылған. Тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдету мақсатында еріктілер де тартылды. Қазір қоғамдық тәртіпті қамтамассыз ету мақсатынды 500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қалада орналасқан мемлекеттік емес үш ұйымның мүшелері. Еріктілер учаскелік инспекторлар, патрульдік полициямен бірге  профилактикалық жұмыстарды атқаруда. Еріктілердің көпшілігі ер азаматтар. Өйткені қызмет бабында неше түрлі қаңғыбастар, бұзақы адамдар кездесіп, физикалық қарсылық көрсетуі мүмін.
«Өз маршруттарына бармас бұрын олармен арнайы дайындық процедурсы өтеді. Яғни, қандай іс-әрекеттерге назар аударуы тиіс, қалайша құқықбұзушылықтың алдын-алуға болады деген сияқты осындай деректерге біз оларға үйретіп аламыз. Біз үшін қазіргі сәтте еріктілердің көмегі өте маңызды. Өйткені адамдардың қауіпсіздігі  бірінші  кезекте», – деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.