Жамбылдағы фармацевтикалық зауыт халықты бетпердемен қамтамасыз етуге қауқарсыз

21.03.2020 01:58

Қала дәріханаларында кемі 150 теңгеден саудаланып жатыр

Almaty.tv

Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыт халықты бетпердемен қамтамасыз етуге қауқарсыз, деп хабарлады Almaty.tv.

Маска шығаратын зауыт облыс орталығына жақын орналасқанымен, Тараз тұрғындары бетперде таппай сабылып жүр. Ал, зауыт өкілдері медициналық масканың 1  данасын 45 теңгеден  шығарып отырғанын мәлімдеді. Бірақ қала дәріханаларында кемі 150 теңгеден саудаланып жатыр.

Республика бойынша енгізілген төтенше жағдайдың лебі, жамбылдықтарды да абдыратуда. Бүгінде облыс орталығындағы дәріханалардан халық бетперде таппай, сабылып жүр. Тапса да бағасы қымбат деген желеу бар.

БЛИЦ:

– Түске дейін біраз дәріханаларды аралап бетперде тапқан жоқ болатынмын, енді жұмыстан арнайы сұранып шығып іздеп жүрмін.

– Жоқ. Іздеп таппай жүрмін.

– Жалғыз мен ғана емес, қазір елдің барлығы бетперде таппай жүгіріп жүр екен.

–  Азық-түлік деп жатыр, азық-түлікті алатын  да қаражатымыз жоқ.

– Қазіргі таңда бетперделер мүлдем жоқ.

– Себебі, біздің ылғи тапсырыспен алып жүрген қойманың өзіңде бетперде тапшылық.

–  Тапсырыс беріп жатырмыз, бірақ әзірше тапсырымыз келмей жатыр.  

Тараз қаласының орталығындағы  дәріхананың барлығында медициналық бетперде мүлдем жоқ. Бірі түс ауа болады десе, ендігісі аптадан аса уақыт болмағанын айтуда.

Медициналық маска бағасының шарықтап тапшы болуына байланысты билік өкілдері ойын онлайн айтты. Облыстың бас дәрігері аталған мәселені шешу үшін, облыстан арнайы шараның қолданылып жатқанын айтуда.

«Біздің Жамбыл ауданында осындай бір реттік бетперделерді шығаратын зауыт бар. Сол зауытпен бізде келісім бар. Тәулігіне мына жалпы, сатылым жасайты аптекаларға 30 мыңнан астам бетперде берілетін болады. Бірақ ол жерде біз шектеу қойып отырмыз. Бір қолға 5 бетпердеден артық сатылмайтын болады», – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ

Ал, жәй жерден табылмай отырған медициналық бетпердені енді әкімдік бекіткен ауқымды дәріханалардан алуға болады. Десе де бір өзінде 400 мыңнан аса тұрғыны бар Тараз үшін, күндігіне 30 мың бетперде аздық ететіні сияқты.

 Мерей Бает Олжас Ерғали Мейіржан Ерболатов 

"Алматы" Телеарнасы, Тараздан