Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

09.07.2020 04:30

Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты

shutterstock

Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады.

«Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген. Қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады.  Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады», – деді ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов.