Коронавирустан айыққандар саны 29 адамға жетті деп хабарлайды, Almaty.tv.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Дәл қазіргі мәлімет бойынша, республика аумағында бұл көрсеткіш 460-қа жетті. Осылайша, елордада індет 199 адамнан анықталса, Алматы қаласында 93. Шымкент қаласында 11 жағдай тіркелген. Өңірлерде де дерт дендеп барады: Қызылорда облысында 26, Қарағанды облысында 22, Ақмола облысында 19 болса, Атырау облысында 20-ға жетті. Түркістан облысында 19, Алматы облысында 9, Солтүстік Қазақстанда 18-ті көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 8, ал Ақтөбе облысында 7 дерек тіркелген. Шығыста 4, Батыс Қазақстанда 2 адам қауіпті індетті жұқтырған. Ал Маңғыстау, Павлодар мен Павлодар облыстарында бір-бір адамнан анықталды. Коронавирустан айыққандар саны 29, Нұр-Сұлтанда 16 адам, Алматы қаласында 13 азамат жазылып шықты. Аты жаман аурудан 3 отандасымыз бақилық болды.
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР
Расталған жағдай: 460
Нұр-Сұлтан қаласы - 199
Алматы қаласы - 91
Шымкент қаласы - 11
Ақмола облысы - 19
Ақтөбе облысы - 7
Алматы облысы - 9
Атырау облысы - 20
Шығыс Қазақстан облысы - 4
Жамбыл облысы - 8
Батыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 22
Қызылорда облысы - 26
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 1
Қостанай облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 15
Түркістан облысы - 19
Жазылып шыққандар: 29
Нұр-Сұлтан қаласы - 16
Алматы қаласы - 13
Қайтыс болғандар: 3
Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Ақмола облысы - 1
Қарағанды облысы - 1