Жауапкершіліктен жалтарғандар жауапқа тартылады – министр

kk.wikipedia.org
kk.wikipedia.org
Басты мақсат – ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев он екі мүшесі сау азаматтарды әскери арнаулы жиындарға шақыру жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.


Сен жанбасаң лапылдап,

Мен жанбасам лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ, – деген Назым Хикметтің жыр жолдары жалындаған жастардың жігеріне жігер қосатындай. Отбасымыз, Отанымыз, жалпы әлем сын сағатта тұрған сәтте ел болып жұмылып, ауыртпашылықты бірге көтеру әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

Басты мақсат – ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау. Арнайы жиынға кімдер шақырылады? Әскери қызмет қанша уақытқа созылмақ? Сын сағатта жұмылғандар нақты немен айналысады?

Арнайы жиынға әскери есепте тұрғандар және денсаулығы жақсы азаматтар қабылданады. Басты мақсат –  ең алдымен халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, оны қамтамасыз ету. Әскери міндеттілердің арнаулы жиыны заңға сәйкес 10 күннен 3 айға дейін созылуы мүмкін. Ал жергілікті атқарушы органдарға әскерилерді арнайы жиындарға шақырудың тәртібін еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.

«Әскери міндеттілер арасында жеткілікті адами қорымыз бар. Сондықтан денсаулығы нашар, ауыр тұрмыстық жағдайдағы немесе кішкентай баласы бар адамдар шақырылмайды. Бұл факторлардың барлығы міндетті түрде ескерілетін болады. Әскери жиын 3 айға созылуы ықтимал. Бірақ оның нақты мерзімін жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Олар арнайы қаулымен әскери шақыруды ұйымдастырып, оны ерте аяқтауы мүмкін. Мысалы, кейбір өңірдегі әкімдер әскери жиынды 10 күнде ұйымдастырса, кейбір жерде ол ұзақ уақыт алуы мүмкін», –  деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Қорғаныс министрі арнайы жиынға әскери есепте тұрғандар шақырылатынын жеткізді. Олар казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке үйіне қайтады. Басымдық әскери борышын өтегісі келетін жастарға беріледі. Сондай-ақ, әскерге шақырылғандар басқа өңірге жіберілмейтінін, олар әскери борышын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтейтінін атап өтті. Осы орайда министр карантин кезінде әскерге шақырылудан кімдердің босатылатынын да айтты.  

Әскери жиыннан босатылатындарды тізді. Біріншіден, бұл Қорғаныс, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін лауазымды тұлғалар. Екіншіден, мемлекеттік, азаматтық және эксперименталды авиация персоналы. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы саласында егін егу, жинау науқанында ауыл шаруашылығы техникасына жөндеу жасайтын мамандар. Төртіншіден, педагогикалық қызметкерлер, бесіншіден күндізгі ауысымда оқып жүрген студенттер босатылады. Одан бөлек, әскери міндетті әйелдер, кәмелет жасына толмаған үш және одан да көп баласы барлар, өзіне қатысты Қылмыстық заңнамамен процессуалдық қимылдар жүргізіліп жатқан тұлғалар, депутат болып тағайындалған әскери міндеттілер босатылады. Тағы да қайталап өтейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлық шығарған еді. Қазақстандықтар жекелеген өңірлерде медициналық қызмет, тасқынмен күрес және дезинфекция жұмыстарына шақырылмақ.

Қорғаныс министрі жауапкершіліктен жалтарғандар жауапқа тартылатынын жеткізді. Оларға шақыру қағаздары арқылы, SMS, телефон соғу және тағы басқа жолдармен хабарландыру жіберілетін болады. Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталатынын да атап өтті.

«Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Яғни әскерге шақырылғанға дейін жалақының көлемі 200 000 мың теңге болса, арнайы жиындарда өткізген әрбір айы үшін тура сондай ақша төленеді. Егер адам жұмыс істемесе, онда жалақының төменгі мөлшері  42 500 теңге алады», – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.

Карулы күштер қатарында жауынгерлік қызметтің барлық сатысынан өткен ел азаматтары да бұл бастаманы қолдап отыр. Солардың бірі –  Қазақстанның тұңғыш әскери құжатын жазған Ким Серікбайұлы. Оның пікірінше ел азаматтарының бір-біріне қамқорлық танытуы өте маңызды.  

«Бұл енді өте қиын болып тұр ғой короновирус. Тек қана біздің елде емес бүкіл дүниежүзін аралап кетті. Президенттің шешімі өте орынды деп ойлаймын. Алдын-ала қамтамасыз етіп отыр. Біз айтамыз ғой халық пен әскер әр уақытта бірлікте деп. Халыққа қиыншылық түскенде әскердің көмектескені өте орынды. Іске сәт деймін мен. Әйтеуір халқымыз, еліміз, жұртымыз аман қалсын деген тілек қой бәрімізде», – деді   Алматы қаласы Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким СЕРІКБАЙҰЛЫ.

Қорғаныс министрінің  айтуынша, әскери қызметке шақырылғандар басқа аймаққа ауыстырылмайды. Олар блокбекеттерде, патрульде, дезинфекия шараларына, күзетке және су тасқынына қарсы жұмыстарға ат салысатын болады.

Қуан Нұрақын, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров