Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық қыз бала жазылып шықты

08.05.2020 00:31

6-7 мамыр күндері Алматыда коронавирустық инфекциядан 72 науқас емделіп, емханадан шығарылды

Фото: elements.envato.com

Алматыда қауіпті індеттен 4 айлық қыз бала жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

6-7 мамыр күндері Алматыда коронавирустық инфекциядан 72 науқас емделіп, емханадан шығарылды. Олардың ішінде 4 айлық қыз бала да бар. Сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен. Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы 

орташа дәреже ретінде бағаланды. Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Емделушілердің жағдайы жақсы. Қазіргі уақытта мегаполисте

 қауіпті індеттен жазылып шыққан 299 адам бар.