Алматыда 10 адамнан «үнді» штаммы анықталды

25.06.2021 00:32

Қала тұрғындарына міндетті түрде COVID-19 екпесін алуы керек

Almaty.tv/архив

  Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  мутацияны анықтау үшін COVID-19  қоздырғышына күнделікті мониторинг жүргізетіні белгілі. Бүгінде аурудың күрт өсуі (1-ден 10-ға дейін) тіркелді, жалпы алғанда  «дельта» (Үнді) штаммының оң сынамалардың үлес салмағы 23%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

 "Егер Алматы қаласында «дельта» (Үнді) штаммы бұрын бір сынамада анықталған болса, қазіргі динамикада 3 тәулік мерзімінен кейін 10 сынамаға дейін ұлғайған.

Осыған байланысты  қала тұрғындарына міндетті түрде COVID-19 екпесін алуы керек.

Тағы бір рет еске салсақ, «дельта» (Үнді) COVID-19 штаммының халық арасында  таралуы ауруханаға жатқызу және өлімнің жоғарылау қаупіне әкеледі. Сондықтан маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халық көп жиналатын орындар мен  іс-шараларға барудан қатаң сақтану керек" делінген хабарлама.