Алматылықтар коронавирусты қай жерлерде жиі жұқтырады

11.12.2021 00:46

Қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполистің барлық тұрғыны санитарлық нормалар мен карантин талаптарын елемейтінін айтты

Almaty.tv

Алматыда өткен тәулікте 55 адам коронавирус дертін жұқтырған, инфекциялық стационарларда 225 пациент бар. Бұл мәліметтерді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин келтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.          

Сондай-ақ ол алматылықтардың дертті жиі жұқтыратын жерлерін атап өтті. Ауру жұқтырғандардың 90%-ы сауда объектілерінде (37,3%), қоғамдық көлікте – 22,2%, отбасыларда – 19,3%, базарларда – 11,2%.

Қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполистің барлық тұрғыны санитарлық нормалар мен карантин талаптарын елемей, қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын атап өтті.

«Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарамастан, мен барлығын, әсіресе егде жастағы азаматтарды коронавирустың кез келген штамынан қорғауды қамтамасыз ету үшін тағы да вакциналануға шақырамын», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Спикер қаладағы барлық вакциналар тиімді, тіпті вакциналанған адам ауырып қалса да, қалыптасқан иммундық қорғаныс аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етеді және адамның өліміне жол бермейді деді.