Халық вакцина жайлы білгісі келсе, тек сарапшыларға құлақ асуы керек – Ләззат Ералиева

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирус вакцинасы басқа вакциналар секілді иммунды-биологиялық препарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Вакцина ешқандай дәрі емес. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасы жайлы білігісі келетін жандар тек сарапшыларға құлақ асуы керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, коронавирус вакцинасы басқа вакциналар секілді иммунды-биологиялық препарат. Сондықтан екпе салдырған адамның бойында қысқа мерзімдік жағымсыз белгілер болуы қалыпты жағдай. 

«Тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әлем ауыр індеттерден вакциналаудың арқасында ғана арылған. Бір сөзбен айтқанда шешектен де, полиомиелиттен де вакцина құтқарған. Ал қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы түрлі «аңыздар» да, әңгімелер де тарап жатыр. Бүкіл халық ол жайлы шынайы ақпаратты білгісі келсе, халықаралық және отандық сарапшыларға құлақ асуы керек», – деді Медицина ғылымдарының докторы Ляззат Ерәлиева.

Новости партнеров